+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Алматы әуежайы маңындағы ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты – ТЖМ ақпаратты растады

2021 жылғы 13 наурыз 19:21
Бөлісіңіз:
Алматы әуежайы маңындағы ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты – ТЖМ ақпаратты растады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әскери ұшақ құлаған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Хабаровск маңында ұшақ құлаған жерден түсірілген видео жарияланды Пәкістанда әскери ұшақ  апатқа ұшырады Қор нарығында теңге бағамы нығайды

Бүгін, 13 наурыз күні сағат 17:25-те Алматы қаласы әуежайының диспетчерлік қызметіне сағат 17:22-де Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, Алматы әуежайының маңына апатты жағдайда қонғаны туралы ақпарат келіп жетті.

Оқиға орнында Өрт сөндіру 11-бөлімінің (1,2) қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару отрядынан 9 адам, 1 техника, 1 кинологиялық қызметкер, сонымен қатар Алматының құтқару қызметінен 5 адам мен1 техника жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар, оқиға орнында Ұшудың іздеу-апаттық қамтамасыз ету қызметінің 4 техникасы мен Алматы облысы Өрт сөндіру және құтқару қызметінің 2 техникасы бар. Ұшақта шыққан өрт ауыздықталды.

Сондай-ақ ол жерде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жедел-құтқару жасағының 10 тобы жұмыс істеп жатыр.

Расталған мәлімет бойынша, әскери ұшақ апатынан 4 адам қаза тауып, 2 адам Іле ауданындағы ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетсек , бұған дейін әскери ұшақ апатына байланысты Алматы әуежайында бірнеше ұшақ рейстері бөгелгендігі туралы жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT