Алматы әуежайы басшылығы: Терминалдың өткізу қабілетін арттырудың бірнеше жолы бар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайының басшылығы терминалдың өткізу мүмкіндігін арттыру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі терминал сағатына 1600 жолаушыны өткізе алады. Оның, жергілікті әуе жолдары павильонын қосқандағы аумағы 23 мың 700 шаршы метр. Қауырт кезде бұл жеткіліксіз, соңғы бір-екі жылда біз осы режимде жұмыс істеп жатырмыз», - дейді Алматы әуежайының вице-президенті Александр Гордеев.

Оның айтуынша, әуежайдың стерильдік аймағы небәрі 850 шаршы метрді құрайды.

«Терминалдың өткізу қабілетін арттырудың бірнеше концепциясы бар. Алдағы бір-екі жылда мәселе шешімін табады. Ұтымды шешімдерді іздеп жатырмыз, бұл оңай шаруа емес. Атап айтқанда, терминалдың аумағын ескі VIP ғимараты жаққа қарай ұлғайтуды да қарастырдық, бірақ ғимарат жергілікті маңызға ие сәулет ескерткіштері тізіліміне кіргізілгендіктен, бұл ретте қиындық туындайды. Басқа концепциялар да бар, олар туралы, әуежайдың өткізу қабілетін арттыруға қатысты бірер нақты шешім қабылданған соң мәлім етеміз», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар