Алматы әуежайы аумағында төбелес шығарғандар қамауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайының аумағында төбелес шығарған бұзақыларды қамауға алу санкцияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 шілдеге қараған түні әуе айлағының автотұрағында үш мас ер адам төбелескен болатын. Бұл туралы полицияға көшеде өтіп бара жатқандар хабарлады. Төбелесіп жатқандар полиция қызметкерлерінің талаптарына агрессиямен жауап берді. Олардың бірі – бұрын сотталған 28 жастағы У. есімді азамат сыраның шыны бөтелкесін сындырып, полицейге қарай жүгірді, оны соққыға жыққысы келді. Ауыр қылмысты тоқтатқан тәртіп сақшысы қызметтік қаруынан аспанға ескерту оғын атқан болатын», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Полиция өкілінің айтуынша, төбелеске қатысушылар ұсталды. Олар – Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары. Екеуі – бұрын адам тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған.

«Құқық бұзушылар әрекеті ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі «бұзақылықпен» сараланды. Сотқа дейінгі тергеу органы соттан күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады. Оны Түрксіб ауданының прокуроры да қолдады. Тергеу соты қылмыстың үш қатысушысын қамауға алуға санкция берді», - дейді Рүстем Әбдірахманов.

Бұған дейін Алматы әуежайында төбелес болып, тәртіп сақшысы қызметтік қарудан оқ атқаны туралы жазған едік.


Соңғы жаңалықтар