Алматы әуежайы Астана әуежайының ұшақтарын уақытша қабылдап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайы бүгінгі ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана ұшақтарының жартысын қабылдап жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда қазір қалың қар жауып тұр.

"Алматы Халықаралық әуежайы" АҚ басшысы Айбол Бекмұхамбетовтың айтуынша, қазір әуежай штаттық режімде жұмыс істеп тұр.

"Жауып жатқан қар әуежай жұмысына еш кедергісін келтіріп жатқан жоқ. Ауа температурасы +3 градусты көрсетіп тұр. Бетон жолаққа түскен қар бірден еріп кетіп жатыр. Штаттық режімде жұмыс жасап тұр. Жақында ғана орнатылған құралдар әуежайда ең қиын жағдайда да ұшақ қабылдауға мүмкіндік береді», - деді  Айбол Бекмұхамбетов.

Сонымен қатар, Алматы әуежайы Астана ұшақтарын запастағы аэродром ретінде қабылдап жатыр.

«Астанада қатты жел соғып жатыр. Сондықтан әуежай ұшақтарды қабылдай алмайды. Қазір Астана ұшақтарын запастағы аэродром ретінде бізге жіберіп жатыр», - деді әуежай басшысы.

Соңғы жаңалықтар