Алматы әуежайы ана мен бала бөлмесінің неге жұпыны екендігін түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әуежайының басшылығы ана мен бала бөлмесі неге сонша жұпыны екендігін түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуежай басшылығы қырғыз азаматы Эльмар Кимнің сыни жазбасына жауап берді.

Қырғыз азаматы Эльмар Ким Алматы әуежайына 3 сағатқа бөгеліп, рейстерін күткен.

Ол жұбайымен бірге ана мен бала бөлмесіне кіріп, балаларын тынықтырмақ болады.

Қырғыз азаматы ана мен балаға арналған бөлменің ішін сынап, басқа елдердегі осындай бөлмелерімен салыстырған. Ол әуежайдағы бөлмені сасық карцерге теңеді

Жолаушының Facebook-тегі сынаған жазбасына Алматы әуежайы жауап жазды.

«Біз Эльмар Кимнің сынын дұрыс қабылдаймыз. Бірақ осы үш бөлмені жөндеу мен жабдықтаудың бюджеті 2 ай бұрын бекітілген болатын. Бізге қызмет көрсетушіні анықтау үшін тендер өткізуге уақыт керек болды. Тұсқағаздан бастап ойыншықтар, жиһазға дейін, тұрмыстық техниканы жеткізушілерді анықтау керек болды. Бүгінде жаңа үстел, кресло, диван, жаңа микротолқынды пеш, суды жылытатын кулер сатып алуға келісім жасалды. Ана мен бала бөлмесінде жеке гигиеналық заттар тегін тұратын болады. Барлық жолаушыларға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деді әуежай басшылығы.

Жөндеу жұмыстары 10 қыркүйекте басталады.





Соңғы жаңалықтар