Алматы әуежайы 13 қаңтардан жұмысын бастайды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайы 13 қаңтардан бастап жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы халықаралық әуежайы 2022 жылғы 13 қаңтар, сағат 00:00-ден бастап өз қызметін қайта бастайды. Алматы қаласында коменданттық сағаттың енгізілуіне байланысты әуежай жұмысы 08:00-ден 21:00-ге дейін жүзеге асырылады. Ішкі және халықаралық рейстер орындалатын болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында терминалға кіруге тек жолаушыларға ғана рұқсат етілген»,- делінген хабарламада.

Еске салсақ, Алматы халықаралық әуежайы техникалық жағынан ашылуға дайын екенін және қаладағы жағдай тұрақтанғаннан кейін қайта қызмет көрсете бастайтынын жазғанбыз.

Сондай-ақ, Алматы әуежайында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, келтірілген шығындар есептеліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар