Алматы ауданындағы қылмыс жиі жасалатын орындарды жарықтандыруға 500 млн теңге бөлінген

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорданың Алматы ауданы әкімідгі қылмыс жиі жасалатын орындарды жарықтандыруға 500 млн теңге бөлді. Бұл туралы Алматы аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Марат Өмірбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы ауданының әкімдігімен бірлесіп, ведомствоаралық комиссияның жоспары шеңберінде қылмыс жасауға неғұрлым бейім орындарды жарықтандыруға қатысты бірнеше жоба әзірледік. Ол үшін әкімдік 500 млн теңге бөлді. Сонымен бірге, қосымша 2 400 бейнебақылау камералары орнатылады. Бейнекамераларды криминогенді жерлер мен қазіргі таңда бақылау мүмкіндігі жоқ аймақтарға қою жоспарлануда», - деді басқармасы басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, Марат Өмірбаев ұрлық фактілерінің алдын алу үшін екінші деңгейлі банктерден пин-кодсыз төлем жасау, транзакция жүргізу функциясын алып тастауды ұсынды.


Соңғы жаңалықтар