Алматы ауасының ластану индексі 5-ке дейін төмендеген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда атмосфералық ауа ластануының индексі 10 жыл ішінде 5-ке дейін төмендеген. Бұл туралы бүгін Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық Экология депратаментінің басшысы Орман Аққозиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эколог мамандар соңғы жылдары атмосфералық ауаға техногендік жүктеменің төмендеуі байқалып жатқандығын айтты.

«Қазгидрометтің мәліметтері бойынша атмосфералық ауаның ластануының индексі (АЛИ) 5-ке дейін төмендеген (2009 жылы - 12.8, 2011 жылы - 9.1, 2016 жылы - 7, 2017 жылы - 5). Статистика комитетінің мәліметтері бойынша стационарлық көздерден жалпы шығарындылар көлемі 2014 жылы - 43,5 мың тоннаны, 2015 жылы - 39,1 мың тоннаны, 2016 жылы - 38,8 мың тоннаны құрады. Осылайша, жыл сайын атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемінің төмендеуі байқалуда», - деді О.Аққозиев.

Мамандардың айтуынша, атмосфералық ауаның ластаушы заттарының негізгі көздеріне қоршаған ортаны ластаушы жылу электр стансалары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, автокөліктер және және көмір жағып жылытылатын жеке сектор жатады.

Соңғы жаңалықтар