«Алматы-Атырау» бағытында жаңа жүрдек пойыз жолға шығады

None
None
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 8 маусымынан бастап Алматы-2 вокзалынан «Алматы-Атырау» бағытымен «Сарайшық» жаңа жүрдек пойызы аттанады.

«Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған пойыз «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамына тиесілі.

Жаңа пойыз күнара қатынайтын болады. Алматыдан Атырауға дейінгі жол 35 сағат 30 минутты құрайды. Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады, оның 2-еуі - «Гранд» (душы бар екі орындық), 2-еуі - «Бизнес» (екі орындық) және 18-і «Турист» санатты (төрт орындық) жалпы жолаушылар вагоны. Сондай-ақ құрамда 2 техникалық вагон, 1 вагон-конвертор, 1 вагон-бар мен 1 мейрамхана вагоны бар. «Гранд» санатындағы вагонда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бір купе қарастырылған. Купеде душ, санитарлық желі, арнайы жабдықталған есіктер, жолсерікті шақыру тетігі қамтылып, дәліздер жолаушыларды отырғызуға және түсіруге ыңғайландырылып кеңейтілген.

Атап өтер жәйт, жүрдек пойызды енгізу арқасында ең алдымен, жолдағы уақыт 1,5 еседен артық қысқартады. Яғни, №77/78 пойыздың қозғалысы Алматы-2 стансасынан Атырауға дейінгі жолды (2 695 шақырым) 49 сағаттан 35 сағатқа дейін қысқартады.

Соңғы жаңалықтар