Алматы Астана күні қарсаңында қара күштен рекорд орнатпақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы 6 шілдеде қара күштен рекорд орнатпақ. Астана күні қарсаңында алматылықтар қол күресінен бақ сынасады.

«Арматура» деп аталған турнир Алматыдағы Орталық Демалыс және мәдениет саябағында өтеді. Таңғы 10-нан кешкі 7-ге дейін келушілер қол күресінен, армлифтинг, арм файт, кір көтеру, қызды иығына отырғызып жерден серпілу т.б. 10 спорттық ойындар бойынша бақ сынасады. Топ жарғандар жаңадан ашылған рекордтар кітабынан құрметті орын алатын болады. «АРМаТУРа» дегенде біздің ойымызға болаттай берік сымтемір түседі. Ол - күштіліктің, мықтылықтың символы екені рас. Сондықтан біздің турниріміз де қол күресінен өтетін болғандықтан, осылай атадық», - деді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ зілтемірді 100 келіден артық салмақта бағындырған жігіттер «100+» ерлер клубына мүшелікке айналатын болады. «Жақсы нәтиже көрсеткендер финалға шығып, әкімнің кубогы үшін бақ сынайтын болады. Сондай-ақ таза күмістен құйылған «АРМАаТура» белгісі бар сақинаға ие болады», - деді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар дәл осы күні Алматы саябағына келуші балалар өз көзімен Трансформерді ертегі кейіпкерлері Дарт Вейдерді, Америка капитанын көретін болады.

Соңғы жаңалықтар