«Алматы-Астана» автожолын жөндеу жұмыстарын Еуропалық банк қаржыландырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күрті-Қапшағай тасжолының бөлігін қайта қалпына келтіру жобасын қаржыландыру туралы алдын ала келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«2018 жылғы 8 мамырда Иорданияда Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарма кеңесінің жыл сайынғы отырысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сумантра Чакрабарти ведомство мен банк арасындағы Күрті-Қапшағай тасжолының учаскесін (67 км) қайта қалпына келтіру үшін 106 млн АҚШ долларын бөлу туралы алдын ала келісімге қол қойды», - делінген хабарламада.

Бұл жоба көлік саласындағы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ.

Жобаның мақсаты - Алматы және Астана қалаларын байланыстыратын Күрті-Қапшағай тасжолының бөлігін қайта қалпына келтіру. Жобаға бөлінген қаржыны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қадағалайды.

Соңғы жаңалықтар