+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Алматы ардагерлері қазақстандықтарды Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады

2020 жылғы 9 мамыр 14:12
Бөлісіңіз:
Алматы ардагерлері қазақстандықтарды Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің мерекелік бейнесюжеті әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15-тен астам ардагер отандастарын Жеңіс күнімен құттықтап, соғыста қаза тапқан батыр бауырларын еске алады. Сондай-ақ барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бейбіт күндер тілеп, еліміздің одан әрі өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Оның ішінде Оңтүстік-Батыс майданындағы ұрыс қимылдарына, Сталинград шайқасына, Курск доғасындағы шайқасқа, Днепрді басып өтуге, Украинаны, Польшаны, Чехословакияны, Праганы азат етуге, Берлин шабуылына қатысқан, Қарулы Күштер сапында 43 жыл қызмет еткен, 5 орден және 35 медальмен, соның ішінде Польшаның, Чехословакияның, Румынияның, Украинаның, Монғолияның мемлекеттік наградаларымен марапатталған Леонид Гирш, 47-ші атқыштар полкінің, 15-ші атқыштар дивизиясының құрамында соғысқан, атқыштар взводының командирі, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Белоруссияны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған Бисет Мажағұлов, Волхов майданында үш жыл бойы мерген болған, I және II дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалінің иегері Сираж Ысмағұлов, Қиыр Шығыс майданында соғысқан, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған – Ташаухан Әлімбеков, Сталинград шайқасына қатысушы, «Отан соғысы» және «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің, Германияны жеңгені үшін, сондай-ақ «Маршал Г. Жуков» медалінің иегері Василий Зинченко, 3-ші Украин майданында қызмет еткен, 40-шы гвардиялық дивизияның әскери-дала хирургы, «Отан соғысы», «Құрмет» ордендерімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған Софа Измайлова, 2-ші Белорусс майданында соғысқан, «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған Қоңыр Меңдіқараев, Польша мен Финляндияны азат етуге қатысқан, 1-ші Украин майданында соғысқан, майдандағы әскери жорығын 1945 жылы Берлинде аяқтаған Степан Попыкин, 277-ші атқыштар дивизиясының 852-ші полкінде қызмет еткен, Қытайдың Қиыр Шығыс майданында, Манчжурияда соғысқан, «Маршал Г. К. Жуков», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарын иеленген Федор Сабаев, Қиыр Шығыстағы жапондықтарға қарсы шайқасқа қатысқан Александр Полькин бар.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Жеңістің 75 жылдығы құрметіне Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қолдауымен 18 296 адам 1,3 млрд теңге көлемінде бір реттік төлем алды. Соның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыстың 202 ардагері мен мүгедегі 1 млн теңгеден алды .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Жеңіс күні, Видео,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT