+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматы: «Алтын орда» жол айырығында бетондау және асфальттау жұмыстары басталды

2021 жылғы 20 маусым 23:31
Бөлісіңіз:
Алматы: «Алтын орда» жол айырығында бетондау және асфальттау жұмыстары басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы-Бішкек» автожолының «Алтын орда» базарының учаскесінде жолдың жүру бөлігіне асфальт төсеу және бас магистральдық эстакаданың бетонын құю жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматының жаңа бас жоспары қашан қабылданады 21 компания құрылыс материалдарының бағасын төмендетті Алматы құрылысының жаңа ережелері қала үшін несімен маңызды

Сондай-ақ, жарықтандыру құрылғылары бойынша жұмыстар аяқталып, негізгі автожолда қозғалыс ашылды. Бұдан басқа, темір-бетон плиталарын металл конструкцияларына монтаждау, құрылыс қалыптарын монтаждау жүріп жатыр.

Шілде айының басында асфальтбетон төсемін орнату және абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін «Таға» түріндегі эстакада арқылы қозғалысты ашу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта учаскіде 100 адам және 15 бірлік арнайы техника жұмысқа жұмылдырылған. Екі ауысымдық жұмыс ұйымдастырылған.

Нысанның аяқталуы 2021 жылдың қазан айына жоспарланған және ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің ерекше бақылауында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT