Алматы әлемдік қаржы орталықтары қатарына енді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы халықаралық зерттеу орталықтарының рейтингісі бойынша әлемдік қаржы орталықтарының қатарына енді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«The Global Financial Centres Index15 (GFCI) қорытындысы бойынша Алматы қаласы алғашқы рет жоғарыда аталған рейтингіге енгізілді және 83 халықаралық қаржы орталығының ресми тізімінде 58-позицияға және Азия қаржы орталықтары арасында 13-орынға ие болды» делінген хабарламада.

GFCI рейтингісі - Лондонда штаб-пәтері бар, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша 300-ден астам қауымдасқан сарапшысы бар Z/Yen GroupLimited компаниясы әзірлеген халықаралық қаржы орталықтарын рейтингілік бағалаудың мамандандырылған әдіснамасы болып табылады.

Бұл ретте Z/Yen компаниясы қаржы орталықтарын бағалау кезінде бәсекеге қабiлеттiлiктiң адам факторы, бизнес орта, нарықтарға қолжетімділік, инфрақұрылым, жалпы бәсекеге қабілеттілік сынды салаларына иек артқан.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар