+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Алматы әлемдегі үздік 100 қаланың қатарына енетін болады - Сағынтаев

2019 жылғы 9 қазан 13:57
Бөлісіңіз:
Алматы әлемдегі үздік 100 қаланың қатарына енетін болады - Сағынтаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегополистің әлемнің үздік қалалары рейтингіне ену жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ірі ЖОО-ларды қала сыртына көшіру ұсынылды Алматыда «Kazakhstan Urban Conference 2019» форумы өтіп жатыр 2050-Даму стратегиясы: Алматы қалай түрленеді

«Алматы қаласының ұзақмерзімді мақсаты – өмір сапасы бойынша әлемдегі үздік 100 қаланың қатарына кіру. Бұл – нақты мақсат. Өйткені, 2019 жылы Алматы Mercer's Quality of living survey рейтингінде 177-орында тұр», - деді Бақытжан Сағынтаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Алматы-2050» жобасының таныстырылымы барысында.

Әкім әлемдегі ТОП мегаполистер рейтингіне кіру жеке мақсат емес екенін атап өтті. Бұл қадам Алматыны қаржы, тауарлар, кәсіби қызметтер мен ақпараттар ағымына қызмет ететін жаһандық толыққанды халықаралық хабқа айналдыру үшін қажет.

«Қала Орталық Азия кеңістігіндегі іскерлік және халықаралық байланыстар орталығы болуы керек. Осындай халықаралық деңгейдегі интеграцияланған қаланың жолы айқын. Әлемдік рейтингтердің өлшемдері мен көрсеткіштері белгілі. Біз алдымызға үлкен міндет қойдық – халықаралық рейтингтерде бағаланатын жаһандық қалалардың әлемдік жүйесіндегі Алматының орнын нығайту», - деді әкім.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Экономика, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT