+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Алматы «ақылды қалалар» рейтингісінде бірінші орын алды

2020 жылғы 20 қараша 15:09
Бөлісіңіз:
Алматы «ақылды қалалар» рейтингісінде бірінші орын алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы Қазақстандағы «ақылды қалалар» рейтингісінде бірінші орын алды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы «Зерде» холдингімен бірлесіп Алматы әкімдігінің АТ-архитектурасын әзірлеуде. Осы мақсатта ақпараттық жүйелерді түгендеу, ағымдағы ахуалды талдау жүргізілді және одан әрі даму басымдықтары айқындалды.

«2020 жылдың жарты жылдығының қорытындысы бойынша Алматы қаласы еліміздің барлық өңірлері арасында «ақылды» қалалар рейтингінде бірінші орынға ие болды. 2019 жылы біз екінші орында едік. Бұл рейтингті ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган «ақылды» қалалардың эталондық стандарты негізінде жүргізеді. Бұл стандарт қала тіршілігінің 11 бағыты бойынша 100-ден астам жобаны қамтиды», – деп атап өтті Б. Қоңырбаев.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер түрлерінің 90% - электронды. Атап айтар болсақ, balabaqsha.open-almaty.kz, bilimalmaty.kz ақпараттық жүйесі, «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесі, «InfoLab» АЖ, Автоматты диспетчерлік ақпараттық жүйесі, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы.

«Егер сізде қызықты қосымша немесе жаңа ақпараттық жүйені құру идеялары болса, оларды порталға орналастыра аласыз. Егер сіздердің ұсыныстарыңыз қызықты болса, біз оларды жүзеге асыруға көмектесеміз. АТ-мамандарын, креативті цифрлық ұйымдастырушыларды біздің порталды өз идеяларын орналастыру үшін пайдалануға шақырамыз», — деп түйіндеді спикер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT