Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.30 EUR 425.22
RUB 5.68 CNY 55.63
Jańalyqtar

Алматы, Ақтөбе және Павлодар облысының прокурорлары тағайындалды

2018 жылғы 12 ақпан 12:07 114
Бөлісіңіз:
Алматы, Ақтөбе және Павлодар облысының прокурорлары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен Алматы қаласының прокуроры болып Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев, Павлодар облысының прокуроры қызметіне - Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-ның жер инспекциясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Екі прокурор да 2016 жылдан бастап облыстық прокурор қызметіне Президент резервінде тұр.

Б. Жүйріктаев 1978 жылы туған. 1999 жылдан бастап прокуратура органдарында жұмыс істейді. Алматы және Алматы облыстық прокуратурасында түрлі қызметтер атқарған. 2013 жылдан бастап - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары болған.

Қ. Әбдіханов 1972 жылы дүниеге келген. Прокуратура органдарында 1996 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Жамбыл аудандық және Талдықорған қалалының прокуратураларын басқарған. 2017 жылдың шілдесінен - Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

Сондай-ақ, Бас прокурордың 2018 жылдың 12 ақпанындағы бұйрығымен Ақтөбе облыстық прокурорының орынбасары қызметіне Ғалымжан Ниязбекұлы Тілеубаев мен Асқар Жейенайұлы Албытов, Ақтөбе прокуроры қызметіне -Рүстем Нәсіпқалиұлы Салкенов тағайындалды. 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT