Алматы әкімінің орынбасары қисайған үйде түнеп шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қисайған үйде түнеп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зерделі» шағынауданында орналасқан 9 қабатты үйдің қауіпсіз екенін дәлелдеу мақсатында әкімнің орынбасары Мұхит Әзірбаев бұл үйде түнеп шықты.

Бұл ақпаратты тұрғындар растады. Мәселені шешуге келген шенеуніктенолар үйде қалып, қонып шығуды сұраған.

Айта кету керек, Алматыда «Зерделі» шағынауданының тұрғындары 9 қабатты үйдің қисайғанын айтып, дабыл қаққан болатын.

«Біздің үйдің мәселесі бір шешімін тапқанша мүлкімізбен қоса қауіпсіз жерге көшіруді сұраймыз»,- деді тұрғын Әсел Садықова.

Ал қалалық әкімдік арнайы тексеру нәтижесінде тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ екенін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар