Алматы әкімінің орынбасары атышулы түнгі клубты өз бақылауына алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қоғамдық кеңестің отырысында Ерлан Әукенов Алматыдағы атышулы танымал SkyBar түнгі клубына қатысты мәселені өзі шешетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала жастарының сүйікті және танымал түнгі клубына байланысты тұрғындардан жиі шағым түседі.Қоғамдық кеңес мүшелеріне осы мәселені түбегейлі шешу керек деп отыр.

« Sky Bar клубына қатысты шара қолданамыз.Бақылауда ұстаймыз. Сол жерге барып бәрін өз көзімізбен көреміз»,- дейді Е.Әукенов.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары жол-көлік оқиғаларының басым бөлігіне осы түнгі клубтан шыққандар кінәлі екенін баса айтты.

« Біз Алматы қаласының түнгі өміріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек. Қайғылы оқиғалардың көпшілігі түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарынан шыққаннан кейін орын алады. Мұны қоғам өте ауыр қабылдайды. Сондықтан,ең алдымен барлық бейнебақылау камераларын біріктіру керек »,- деді ол.

Бұдан бөлек, Алматы қаласы әкімінің орынбасары қоғамдық кеңесте «Ақылды» бағдаршам және алимент төлеуден жалтарғандарға қатысты да айтқан болатын

Соңғы жаңалықтар