Алматы әкімінің халықпен кездесулері неге эмоциналды өтеді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімінің халықпен кейбір кездесулері эмоционалды түрде өткені рас. Себебі, халықтың көкейінде көп мәселе жиналып қалған. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

«Пандемия салдарынан мұндай кездесулердің саны азайып кетті. Халықтың көкейінде біраз мәселелер жиналып қалған. 8 ауданның тұрғындары менімен кездесулерінде көп нәрсені айтып қалуға тырысты. Әрине, кейбір кездесулер эмоционалды түрде өтсе де, барлығы шынайы болды», - деді Ерболат Досаев.

Қала әкімінің айтуынша, 18 шілдеден бастап үшінші квартал аясында халықпен кездесудің екінші циклын бастайды. Олардың алдыңғы кездесулер секілді эмоциналды түрде өтпейтініне сенім білдірді.

«Алматы – еліміздің мәдени астанасы. Біз оны іс жүзінде дәлелдегіміз келеді. Халықпен болған кездесуде тек Түрксіб ауданында бір жағдай болды, ал қалған кездесулер тыныш және конструктивті түрде өтті. Менің ойымша, біздің қарым-қатынас мәдениетіміз дамып келеді және келесі кездесулер жаңа хайп үшін немесе тұрғындардың мәдениеті нашар күйде көрсетілмейді деп сенемін», - деді Алматы әкімі.


Фото: ortcom.kz

Соңғы жаңалықтар