Алматы әкімінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларының тізімі жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімінің баспасөз қызметі шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың әлеуметтік желіде тіркелген парақшаларының тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде жалған аккаунттардың пайда болуына байланысты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың келесі парақшаларда тіркелгенін хабарлаймыз:

https://twitter.com/sagintayev_b

https://m.facebook.com/sagintayev.b/

https://www.instagram.com/sagintayev.b/

Ақпаратты р есми аккаунттардан пайдалануды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова әлеуметтік желілердегі ақпараттардың көбісі сенімсіз және толық емес екенін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар