Алматы әкімі ЖРВИ мен пневмонияның артуын эпидемия ретінде қарастыруда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында соңғы айда ЖРВИ мен пневмонияға шалдыққандар саны 5 есе артты. Шаһар әкімі Бақытжан Сағынтаев мұны эпидемия көрінісі ретінде қарастырып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматыда бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек, негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді. Бүгінгі қалыптасқан жағдайда «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды. Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық аштық. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді», - деп жазды Б.Сағынтаев Instagram-да.
Әкімнің айтуынша, тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өскен.
«Мұны эпидемияның көрінісі ретінде қарастырып отырмыз. Бұл ретте, жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көтерілген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен. Тәулігіне бір бригада 19 қоңырауға шығады», - деді әкім.
Бұған дейін Алматыда Halyk arena және Almaty Arena спорт нысандары коронавирусқа шалдыққандарды қабылдайтын инфекциялық стационарға айналатынын жазған болатынбыз.
- Дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды - Алексей Цой
- Солтүстік Қазақстанның 2 елдімекенінде карантин шаралары күшейтілді
- Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге: Вакцинация мәселесінде дүрбелеңге жол бермеу керек
- Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды
-
Коронавирус: Алматы облысы «жасыл» аймаққа шықты
-
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 100 миллионнан асты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам