Алматы әкімі жас мұғалімдерге қаржылық қолдау көрсетуді ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өткен жиын барысында қала әкімі Ахметжан Есімов жас мұғалімдерге қаржылық қолдау көрсетуді ұсынды.

Оның ойынша, жас педагогтар материалдық тұрғыдан қолдауға зәру. Былтыр Алматыда 1000 мұғалімге 300 мың теңге көлемінде сыйақы берілген еді. Ахметжан Есімов осы игі бастаманы келесі жылы да жалғастыруды ұсынды.

«Сыйға берілетін 330 млн. теңгені сақтап қалуымыз керек. Әр мектептен 5-10 мұғалім оған қол жеткізгені өте қуанышты. Соның ішінде жас педагогтарға қолдау көрсету өте маңызды. Осы мәселені де назарға алуымыз керек», - деді қала басшысы.

Ахметжан Есімовтың айтуынша, мұндай бастама қала ұстаздарының арасында әділетті бәсекені қалыптастырып, мұғалімдерді өз жұмысын адал атқаруға ынталандыра түспек.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыдағы Республика сарайында Білім жылы қорытындылауға байланысты жиын өтті. Онда өткен жылы жүзеге асқан жобалар мен жасалған жұмыстар туралы баяндалды.

Соңғы жаңалықтар