+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы әкімі: Үш жылда мектептер мен балабақша желісін кеңейтеміз

2019 жылғы 19 тамыз 12:22
Бөлісіңіз:
Алматы әкімі: Үш жылда мектептер мен балабақша желісін кеңейтеміз

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әкімдіктің міндеті – алдағы үш жылда мектептер мен балабақшаларды көбейту екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа оқу жылы: Телесабақтар қай телеарналардан көрсетіледі Асхат Аймағамбетов: Білім күні 1 қыркүйекте онлайн режимде өткізіледі Асқар Мамин интернеттің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етуді тапсырды

«Бірлескен жұмысымыздың мақсаты – «Шеті жоқ қала» қағидасы бойынша барлығын сапалы және заманауи біліммен қамтамасыз ету. Мен Алматының барлық аудандарын араладым. Түрлі мектептерді көрдім. Қала тұрғындары білім сапасын арттыруға ниетті. Сондықтан, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін қаладағы барлық мектептерде қолдану керек», - деді Бақытжан Сағынтаев білім беру жүйесі қызметкерлерінің форумында.

Сондай-ақ, әкім 2013 жылдан бері қолданылып келе жатқан компьютерлік базаны жаңартып, мектептің материалдық-техникалық негізін жаңғырту қажеттігін атап өтті.

«Ол үшін білім беру басқармасына барлық мектептерде аудит жүргізіп, оларды жаңартудың үш жылдық бағдарламасын әзірлеуді тапсырдым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев міндеттегендей, білім беру саласындағы теңсіздікті жою маңызды. Әкімдіктің басты міндеті – қаладағы барлық мектептерге бірдей жағдай жасау», - деді әкім.

Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, қаланың орталығындағы немесе шетіндегі болсын, олардың ата-анасының мәртебесі мен жағдайына қарамастан барлық бала сапалы білім алуы тиіс.

«Біздің міндетіміз – алдағы үш жылда қала тұрғындарына қолайлы жерде мектептер мен балабақшаларды кеңейту. Қала тұрғындары орталықтағы және шеттегі білім беру сапасы мен деңгейін теңестіруді ғана емес, жаңа мектептер мен балабақшалар ашуды қалайтындарын жеткізді», - деп түйіндеді Бақытжан Сағынтаев.

Еске салайық, Алматы әкімі жас мұғалімдерге ақшалай көмек бөледі.

Автор: Данияр Дауталиев

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT