Алматы әкімі Үндістан елшісімен кездесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумармен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы мәселелерді нығайту жайын талқыға салды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бауыржан Байбек нәтижелі болған ынтымақтастық жылдарында Қазақстан Үндістан үшін Орталық Азия елдері арасында ірі сауда және инвестициялық әріптеске айналғандығын атап өтті. Үндістан IT-қызметтер саласындағы ірі экспортерлардың бірі. Алматы болса, инвестициялық хабтарды дамыту тәжірибесін зерделеуге және үндістандық технопарктермен ынтымақтастық орнатуға дайын. Өз кезегінде Үндістан елшісі туризм, мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті туралы айтты.

«Алматы үндістандық бизнес пен мәдениет саласы өкілдерінің де қатысуымен көптеген және түрлі шаралар ұйымдастырлып жататын ірі орталықтардың бірі. Бұл қалаға Делиден небәрі 3,5 сағатта ұшып келуге болады. Сол себепті ол біздің азаматтарымыз үшін танымал туристік бағытқа да айналып отыр. Біз түрлі фестивальдар мен концерттер және көрмелер ұйымдастыра отырып, одан әрі де мәдени байланыстарды арттыра бергенді жөн көріп отырмыз. Мегаполисте Үндістаннан 600-ге жуық студенттер бар. Меніңше, екіжақты білім беру бағдарламаларының спектрі алдағы уақытта тек арта беретін болады»,-деді Прабхат Кумар.

Бүгінгі таңда Алматыда сауда, медицина, құрылыс, қаржы салалары бойынша Үндістан капиталының қатысуымен 152 кәсіпорын жұмыс істеп жатқандығын айты кету керек. 2017 жыл бойына Алматы қаласы мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 186,6 млн АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар