Алматы әкімі ҰБТ-дан 125 балл жинаған екі түлекті құттықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов ҰБТ-дан 125 бал жинаған алматылық «Алтын белгі» иелері №178 лицейдің түлегі Әддіжаппар Айғаным мен №159 гимназияның түлегі Әсия Маратты қабылдады.

Қала басшысы түлектерді жоғары жетістігімен құттықтап, оқуда сәттілік тіледі. Ол Алматыда сапалы білім алуға барлық жағдай жасалғандығын атап өтті.

«Соңғы үш жылда білім беру саласын қаржыландыру 2 есе артты. Егер, 2008 жылы 22,2 млрд теңге бөлінсе, биыл 46,9 млрд теңге қарастырылып отыр. Осы уақыт аралығында 14 жаңа мектеп салынды. Барлық оқу нысандары заманауи техникамен жабдықталған. Қалада мыңдаған үздік ұстаздарға арнайы сыйақы бөлінуде», - деді А.Есімов.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы түлектері осымен үшінші жыл қатарынан көшбасшылықты сақтап қалды. Биыл Алматыда «Алтын белгіге» үміткер 229 оқушының 173-сі (75,5%) өздерінің үздік білімдерін дәлелдеді. Олардың ішінде 21 түлекке «Алтын белгіге» 1 балл жетпей қалды. 5 оқушы 124 балдан жинақтады. Ал ең үздік нәтижені №90 лицейдің түлектері көрсетті. Қалалық Білім беру басқармасының басшысы Рахат Шимашеваның айтуынша, 50-ден төмен балл жинақтаған мектеп бітірушілердің саны биыл 5,1 пайызға азайған. Ал 1831 (37,4%) оқушы 100-ден жоғары балл алды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 14,1 пайызға көп. ҰБТ қорытындысына сәйкес, орташа балл бойынша Алатау (97,3 балл), Медеу (96,4 балл), Алмалы аудандары көш бастап тұр (96,3 балл).

Соңғы жаңалықтар