Алматы әкімі тәртіп сақшыларына қаладағы қылмыстық жағдайды талдауды тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев полиция қызметкерлеріне қаладағы қылмыстық жағдайға талдау жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қала тұрғындарын шаһардағы қылмыстық жағдай алаңдатып отыр. Алматы қаласының Полиция департаментінде болған кездесуде мен уақыт бойынша, аптаның күндері мен қылмыс жасалған орындар бойынша қаладағы қылмыстық жағдайға талдау жүргізуді тапсырдым»,-деп жазды Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында.

Әкім Полиция департаментінің жаяу патрульдеу жұмыстарын жиілеткенін айтты. Осыған қарай патрульдеу бағыттары да өзгерді, енді тәртіп сақшылары жайсыз аудандарда әрбір ауланы аралайтындығын айтты.

«Осы ретте қала тұрғындарын өздерінің тұрып жатқан аудандары мен көшелерінде қылмыстық жағдайдың қаншалықты өзгергендігі жөнінде айтып отыруды сұраймын. Біздің қаламызда тәртіпсіздікке көнбеушілікті қалыптастыру керек. Қоғам өкілдері кеңінен қамтылмайынша, бұл мәселені толыққанды шешу мүмкін емес»,-деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар