Алматы әкімі отырған көлікке оқ атылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев отырған көлікке оқ атылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров растады. Оқиға 6 қаңтар күні болды. Сонымен қатар Е.Бабақұмаровтың айтуынша, Алматы әкімі бұл туралы Telegram-каналдардың біріне берген сұхбатында айтқан.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев өз қызметін атқаруды жалғастыруда. 8 қаңтар күні ол қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бүгін Алматы басшысы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендердің халін сұрап, орталық клиникалық ауруханаға барды.

Алматыда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілген. Қалада терроризмге қарсы шаралар жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар