Алматы әкімі өртенген үйді жылдам жөндеуді тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Көкжиек шағын ауданында өртенген үйді қысқа мерзім ішінде қалпына келтіруге тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі тұрғындарды уақытша баспанамен қамтып, мүліктерінің сақталуын қадағалауды бұйырды.

Жетісу аудандық әкімдігі мен қалалық құтқару қызметі №177 жалпы білім беретін мектепте арнайы штаб құрып, тұрғындарды жатын орын мен ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

Қазіргі таңда үй электр энергиясы, газ, өзге де коммуникация қызметтерінен ажыратылды. Полиция үйді күзетке алды. Ертеңнен бастап өрттен келген зардапты бағалайтын комиссиялық тексеру жүргізіледі.

Қажетті өрт-техникалық сараптаманың нәтижесінде өрттің шығу себебі анықталған соң ғана үйді қалпына келтіру жұмыстары қолға алынатын болады.

Еске сала кетсек, бүгін Көкжиек шағын ауданында №32 үйдің бірнеше балконы мен мансарды, шатыры отқа оранған болатын. Төтенше жағдай болған жерден 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар