Алматы әкімі өңірлердегі әріптестеріне жас мамандарды жұмысқа орналастыру жайында хат жазатынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда оқу бітірген түлектердің басым бөлігі шаһарда қалып жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

«Оқуға түсетін студенттердің 27 пайызы алматылықтар, ал 73 пайызы өңірлерден келген түлектер. Өңірлерден келгендердің ішінде қайтадан облыстарға үштен бір бөлігі ғана оралады. Қалғандары Алматыда қалуға тырысады. Сонымен қатар, өңірлерге кеткендердің ішінде бір жылдан кейін жартысына жуығы Алматыға қайта келеді»,-деп тоқталды әкім. Осы орайда А. Есімов екінші жыл қатарынан оқу жылы аяқталардың алдында, яғни жоғары оқу орындарын түлектер тәмамдайтын мезгілде өзінің облыстардағы әріптестеріне хат жазатындығын, онда осы өңірлерден келген студенттердің аты-жөні толық қамтылатынын айта келе, «хатта бұл студенттер жақсы білім мен мамандық алғанын, енді облыстарда осы жас мамандарға назар аударып, өңірлерге жұмысқа шақыруларын сұраймын. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстар мәселені түбейгелі шеше алмайды. Сондықтан да біз үшін жаңа жұмыс орындарын құру өте маңызды»,-деді. Оның сөзіне қарағанда, биыл 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Мұнымен қоса, тиісті бағдарламалар аясында жастарды еңбекпен қамту шаралары жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар