Алматы әкімі Оқушылар сарайы маңындағы ағашты кесуге тыйым салды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі «Оңтүстік» саябағы мен Оқушылар сарайы алдындағы скверді қайта жасау жөніндегі жобаға түзетулер енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін әкім қайта жасауға қатысты дайындықтар жүріп жатқан «Оңтүстік» саябағы мен Оқушылар сарайының маңындағы саябақты аралап көрді.

«Оңтүстік» саябағы Жароков көшесінің шығысы мен Ходжанов көшесінің солтүстігіне қарай 14,2 гектар аумақты алып жатыр.

Қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев жоба бойынша жарық көздерін жаңарту, фонтандар жасау, орындықтар мен урналар қою, бұрыннан бар арықтарды жаңарту, балалар мен спорт алаңдарын, веложолдар жасау қарастырылғанын айтты.
null   

Алайда, мегаполис әкімі заманауи тенденциялар мен тұрғындардың талаптарына сай қолда бар жобаға түзетулер енгізу қажеттігін ескертті.

«Мұнда халықтың барлық топтарына - сәбиін көтерген анаға, балаларға, тыныштықты қалайтын ересек жандарға демалу жайлы болуы тиіс. Бұл көңіл көтеретін емес, дұрыс демалатын орын, сондықтан асфальтты алаңды қысқартып, бұрыннан бар төте және жіңішке жолдарды қайта жасылдандырып, барынша қолайлы әрі көлеңкелі кеңістік жасаған жөн және үлкен сәулет пішіндегілердің орнына шағын локальді жарық көздерін орнату қажет. Су ішетін фонтандар, әжетханалар, ең бастысы иттерді серуендететін арнайы қоршалған алаң болуы міндетті», - деді Бауыржан Байбек.

nullАлматы әкімі қайта жасаудың басты қағидасы бұрыннан бар жасыл желекті сақтаумен қатар жаңасын қалыптастыру екенін айтты.

Жоғарыда айтылған барлық ұсыныстарды ескере отырып, жобаға тиісті түзетулер енгізу тапсырылды. Жалпы, бұдан былай саябақ аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.

nullЖұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек Медеу ауданындағы Оқушылар сарайында да болды. Алматы әкімі жасыл желекке тиіспеуді тапсырды. Скверді жаңғырту барысында суару жүйесін жаңарту, көше жарығы бағаналарын жөндеу және басқа да шараларды жүзеге асыру міндеттелді.

Айта кету керек, қалалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жобасы тұрғындардың наразылығын тудырған еді.

Құжатта 300-ден астам талды кесу қарастырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар