Алматы әкімі Наурызбай ауданының сумен қамтамасыз ету жүйесін тексерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тексеру жұмыстары барысында Наурызбай ауданының су желілері, жол және жарықтандыру нысандарының жағдайымен танысты, деп хабарлайды ҚазАпарат.

ӨзініңInstagram парақшасында Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданының инженерлік және автоторанспорттық инфрақұрылымын кең ауқымды дамыту, ерекше назарда тұрған мәселе екенін айтты.

«Наурызбай ауданы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көрсеткіші бүгінгі таңда небәрі 30% пайызды құрап отыр.Енді біз осы көрсеткішті 100% пайызға жеткізу мінетін алдыға қойып отырмыз. Мен сумен қамту және су бөлу желілерінің құрылыс барысымен таныстым. Тастыбұлақ шағынауданында осы бағыттағы жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтаймыз. Келесі жылы желілерді Ақжар, Құрамыс, Таужолы, Қарғалы, Жайлау, Шұғыла шағынаудандарында саламыз. Қарғалыда су дайындау станциясын салуды жоспарлап отырмыз»,-деп жазды Бақытжан Сағынтаев.


Данияр Дәуіталиев
Соңғы жаңалықтар