Алматы әкімі Мемлекеттік кіріс департаментінің негізгі қызметін түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ахметжан Есімов бүгін жалпы жиында жаңадан құрылған Мемлекеттік кіріс департаментінің негізгі қызметін айтып өтті.

Жаңа департамент қалалық Салық департаменті мен Кедендік бақылау департаменттерінің бірігуінен құрылды. Сондай-ақ, оған қаржы полициясының бірқатар функциялары берілді.

«Салық саласы мейлінше мөлдір. Түсімдердің көбеюі артып келеді. Алайда, 15 млрд. теңге көлемінде уақытында төленбеген салықтар бар. Олардың көбін жер және жылжымайтын мүлік салығы құрайды. Тек Наурызбай ауданында 365 тіркелмеген нысан анықталды», - деді ол.

Қала басшысының айтуынша, кедендік түсімдер керісінше түсіп келеді.

«Ақпанда девальвация болса да, кедендік түсім ақылға сыймастай азайып келеді. Биыл 9 пайызы құрап, 2 есеге төмендеді. Қаржы полициясының жұмысы да үлкен күмән туғызады. Былтыр қаржы полициясы 3 мың қылмыстық іс қозғаса, оның 2,5-ы тоқтатылған. Бұл нені білдіреді? Біздің бизнесмендер ебін тауып, сол істі тоқтатып жатыр. Сондықтан, ол жұмысты МКД-ға бергені дұрыс болды. Жаңа департамент өзіне бекітілген міндеттерді толығымен атқарады деген сенімдемін», - деді қала басшысы.

Айта кетейік, биыл Алматы қаласы мемлекеттік қазынаға 1 трлн. 430 мың түсім салуды болжап отыр. Осы бағытта Мемлекеттік кіріс департаменті ауқымды жұмыс жүргізуі керек.

«Департамент алдындағы міндет - салық бойынша да, кедендік төлем бойынша да түсімдерді көбейту. Келесі жылы біз жоғары қарқынмен жұмыс жасауға дайын болуымыз керек. Ол үшін өзге мемлекеттік органдармен байланысты нығайтып, ақпараттық әріптестік орнату керек», - деді қала басшысы.

Қала әкімі сондай-ақ, жаңа департаментке бизнес өкілдерімен тікелей байланыста болуы керектігін айтты.

Соңғы жаңалықтар