Алматы әкімі құрылыс алаңдарында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жауапты басқармаларға құрылыс алаңдарында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook -тағы парақшасында үш жасар баланың қайғылы қазасына байланысты көңіл айтты.

«Бүгін қайғылы оқиға болды. 3 жасар баланың өмірі үзілді. Жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Полиция жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізеді. Жайлы қалалық орта мен қала құрылысын бақылау басқармаларына бұл нысандағы мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің құрылыс нормалары мен ережелерін сақтауын тексеруді тапсырдым. Сондай-ақ, қаланың барлық құрылыс компанияларының жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын қаншалықты сақтайтынын тексеруді тапсырдым»,-деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Бүгін Алматыда 28 панфиловшылар саябағында үш жасар баланы жүк көтергіш ауыр көлік басып кетті.

Кішкентай бала алған жарақаттарынан оқиға орында көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар