Алматы әкімі ҚР Білім және ғылым министріне балаларды автомат ұстауға үйретпеуді ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ахметжан Есімов ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке алғашқы әскери дайындық сабағын өткізудің қажеттілігін қайта қарауды өтініп, хат жолдады.

Қала басшысы өз ұсынысын бүгін 5 шақырылым Мәслихат депутаттарының XXXIII сессиясында жариялады. Оның айтуынша, АӘД сабағының бағдарламасы Кеңестік кезден бері әлі өзгеріске түспеген.

«Мен алғашқы әскери дайындық сабағының жүргізілуіне күмәнді көзқараспен қарап отырмын. Хатымда министрге бұл сабақты арнайы оқу орындарынан бөлек білім беру ордаларында өткізудің қажеттілігін қайта қарауды ұсындым. Заман талабына сай әлемде арнайы оқу орындарын айтпағанда, ешбір оқу орнында балаларға автоматты қалай оқтап, қалай атуды, гранатын қалай пайдалануды үйретпейді. Министрлік шешім қабылдағанша, Алматыдағы оқу орындарында ешқандай қарудың үлгілері қолданылмайды», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы кеше шаһарды дүр сілкіндірген оқиғаның басы-қасында жүргенін айта кету керек. Қазір оның басқаруымен төтенше жағдайдың салдарын жоюға байланысты штаб құрылды. Жарылыстан жапа шеккен 12 баланың 7-інің жағдайы қалыпты. Ал 5 адамға кеше ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы әлі де ауыр.

Колледжде сабақ берген АӘД сабағының мұғаімі қазір қамауға алынды. Тергеу органдары қазір әскери гранатаның оқу орнына қалай түскенін анықтауда.

Соңғы жаңалықтар