Алматы әкімі: Коронавирусты 20-39 жас аралығындағы жастар жиі жұқтырып, таратады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясының негізгі таратушысы - жастар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін мегаполис әкімі Алматы телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасында тікелей эфирде тұрғындардың сұрағына жауап берді.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, індет жұқтырғандардың көбі - 20 мен 39 жас аралығындағы тұрғындар.

Оның 48 пайызы қоғамдық орында жұқтырған.

«Берілген статистика 20 мен 39 аралығындағы жастардың қалалық санитарлық нормаларды ұстанбайтынын көрсетіп отыр» деп қосты Бақытжан Әбдірұлы.

Соңғы жаңалықтар