Алматы әкімі көпбалалы аналармен кездесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек көпбалалы аналарды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкім олардың барлық сұрақтары мен ұсыныстарын жеке тыңдады.

Сұхбаттасуға келген аналар көбінесе әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру, тұрғын үй мен тұрмыстық жағдайды жақсарту, еңбекпен қамту, бүлдіршіндерді балабақшаға орналастыру бойынша көмек сұрады.

null«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкіметтік топ жұмыс істеп жатыр. Кездесулерде айтылған барлық ұсыныстар сараланады және есепке алынады. Бұлардан өзге, біз қалалық деңгейде көпбалалы аналарға қолдау көрсетудің нақты тетігі жинақталған пәрменді шараларды «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс конференциясында ашып айттық. Мысалы, кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй алудың алғашқы жарнасының төлемін субсидиялау мүмкіндігі қарастырылатын болады», - деді Бауыржан Байбек.null

Тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетудің кешенді шаралары бойынша мүгедек баланы үйде оқытуға кететін шығынның орнын толтыру үшін берілетін атаулы көмек пен қиын жағдай туындаған кезде бір рет көрсетілетін әлеуметтік көмек көлемін арттыру жоспарланғанын атап өтуге болады.

Айта кетерлігі, Бауыржан Байбек бұрындары тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың екінші баласынан бастап балабақша шығынына өтемақы төлеуді қарастыруды тапсырған болатын.null null

Соңғы жаңалықтар