Алматы әкімі қоғамдық кеңес отырысын өткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық қоғамдық кеңес отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық қоғамдық кеңесі - республикадағы ең белсенді кеңес саналады. Бұл кеңес қаланың ең жанды, ең өзекті мәселелерінің шешімін іздейтін маңызды ұйымға айналды. Қоғамдық пікірталас экология, сәулет, транспорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік инфрақұрылым, тағы басқа мәселелер төңірегінде туады. Бұл мәселелердің шешімі әкімдік жұмысының нәтижесінде табылып келеді», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Қала әкімі қоғамдық кеңестің әлеуметтік маңызын тілге тиек етті.

«Сіздер үнемі халықтың арасында жүресіздер. Қала тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күйінің тамырын дөп басасыздар. Қалалықтардың басты қажеттіліктерін таба отырып, оны мемлекеттік мүддемен, биліктің шешу жолдарымен ұштастыруға тырысасыздар. Мен қалалықтармен ашық араласуға дайынмын. Қаланың даму жоспарын бірге талқылайық», - деді әкім.

Айта кету керек, қоғамдық кеңестің алғашқы құрамына 37 мүше кірді. Оның 31-і - азаматтық қоғам өкілдері.

2016-2019 жылдар арасында бұл құрам 107 отырыс, 127 комиссия отырысын, 84 қоғамдық бақылау, 16 қоғамдық тыңдау өткізген. Қоғамдық кеңес отырысында 475 нормативтік құқықтық акті қаралып, мемлекеттік органдарға 462 ұсыныс берілді.

Соңғы жаңалықтар