Алматы әкімі Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Наурыз мейрамы кең ауқымда аталып өтті. Ұлыстың ұлы күні қаланың барлық сегіз ауданында тойланып, халықтың басым көпшілігі «Астана» алаңына, Жібек жолы мен Панфилов көшелерінде, Almaty Arena, Halyk Arena мен «Сұңқар» шаңғы кешеніне, «Атакент» алдында жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзінің құттықтау сөзінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалаушы ретінде тарихи миссиясы туралы сөз қозғап, әлемдік аренада қолдауға ие болған халықаралық бастамалары көптің қолдауына ие болғанын ерекше атап өтті.



«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасы қалыптастырған елдің даму стратегиясы, ішкі және сыртқы саясатының басымдықтары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен іске асырыла беретінін нақты атап өтті. Ол Елбасын «Алтын жұлдыз» айрықша белгісімен марапаттап, «Халық Қаһарманы» атағын берді. Ол елордаға Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімін беруді, Тұңғыш Президенттің құрметіне монумент орнатуды және Қазақстанның әрбір қаласындағы орталық көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Алматы тұрғындары Елбасыға үлкен құрметпен және шынайы сүйіспеншілікпен қарайды. Екі жыл бұрын Тәуелсіздік күні қарсаңында қалалық мәслихат Алматы тұрғындарының кең ауқымдағы қолдауына сүйеніп, біздің Тұңғыш Президентіміздің есімімен Алматы қаласының орталық көшелерінің бірін атау туралы шешім қабылдады. Фурманов көшесі «Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы» деп өзгертілді. Өткен жылы бұл даңғыл толығымен жаңартылып, қаланың тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы әрі тартымды даңғыл бола түсті. Сонымен бірге, біз Жібек Жолы, Панфилов, Абай және Абылай хан даңғылдарының көшелерін қалпына келтірдік, яғни қаланың тарихи орталығының 60 пайызы жаңартылды. Қаланың жоғарғы бөлігінде - Алатаудың көркем жерінде орналасқан ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы қала тұрғындары мен қонақтарына бұрыннан бергі сүйікті демалыс орнына айналды. 2011 жылы алматылықтардың бастамасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш алғыс белгісі ретінде орнатылды», - деді Бауыржан Байбек.


Айта кетерлігі, бүгін Алматыдағы Наурыз мейрамын тойлауға 300 мыңнан астам адам жиналған болатын. Олардың ішінде Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Беларусьтан келген жүздеген турист те бар. Бір ай бойы қалада 150-ден астам ірі мерекелік іс-шара өтеді. Оның ішінде фестивальдер, ұлттық ойындар жарыстары, көрмелер жәрмеңкесі, шеберлік сыныптары мен тағы басқа шаралар да бар.



«ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұрасына кіретін Наурыз мерекесінің ұлттық және халықаралық маңызы бар. Күні бүгінге дейін біздің күш-жігеріміз негізінен Наурыздың дәстүрлерін қалпына келтіруге, оның терең рухани мағынасын нығайтуға және біздің халқымыздың санасында біріктіретін рөлін нығайтуға бағытталған еді. Енді біз, Әз Наурызды, шын мәнінде халықаралық шараға айналдыруға бағыттауымыз керек. Бұл тек қазақстандықтар ғана емес, сондай-ақ көптеген шетелдік туристерді асыға күтетін мейрамға айналады. Жыл сайын біздің қалада 50-ден астам халықаралық іс-шара өткізіледі. Бұл көшпенділердің ұлттық ойындары, дәстүрлі музыкадан халықаралық жарыстар, этникалық фестивальдар, ұлттық ат спорты ойындары... Наурыз олардың арасында басты орынға ие. Биылғы жылы Наурызға 5 мыңнан астам турист келді. Біз оларды жылы қарсы аламыз. Қазақстан ниеті түзу әр қонаққа әрдайым қуанады », - деді Алматы әкімі.

Соңғы жаңалықтар