Алматы әкімі қаланың санитарлық тазалығын тексерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың санитарлық тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарын тексеру мақсатында қаланы аралап шықты. Нақтырақ айтақанда, ол «Алматы тазалық» МКК жұмысы мен өндірістік бөлмелерінің жұмысын тексерді.

Бұл кәсіпорын негізінен қала көшелері мен тротуарларының тазалығы үшін жауапты. Қыста түнгі мезгілде қар тазалап, құм аралас тұз себумен айналысады. Жазда жолдардың тазалығын қадағалайды.

«Қысқа дайындығымыз жаман емес. Қыс алдыңғы жылғыдай ылғалды болса да, техника барынша қамтылған. Біз тек қана Алматының даңғыл жолдарының ғана емес, сондай-ақ, шағын көшелерінің де тазалығын сақтауымыз керек. Егер, жұмысын дұрыс атқармаған компанияға шағым түссе, онымен келісімді доғарамыз», - деді Б.Байбек.

Қала басшысы қоқыс жәшіктерін ауыстырып, «Тәртіп» АҚ техника базасын жаңарту керектігін ескертті.

Қаланы аралау кезінде шаһар басшысы Республика даңғылының алдында іске қосылмай тұрған субұрқақ мәселесін шешуді тапсырды.

Аралау барысында оған «Сайран» көлінің гидротехникалық бөлімін жаңарту мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқаны жеткізілді.

Жоба аясында су қоймасының плотинасын күшейтіп, гидротехникалық шлюздерді ауыстыру жоспарланған. Сондай-ақ, Төле би көшесінен солтүстікке қарай Үлкен Алматы өзенінің сағасын ретке келтіру көзделген.

Аталған бағытта жұмыс қар түспей басталады. Модернизация жобасы жүзеге асыру үшін жеке инвестиция тартылған.

Сондай-ақ, қала басшысы Алматының көркін кіргізіп тұрған жасыл желекті отағандарды барынша қатал жазалап, бір тал ексе, орнына бірнеше тал отырғызуға мәжбүрлеу керектігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар