Алматы әкімі қалаға қосылған аймақтарды аралады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мегаполис басшысы 1 шілдеден бастап қаланың коммуналдық меншігіне өтетін бірқатар әкімшілік объектілерді - бұрынғы селолық әкімдіктер мен полиция бөлімшелері нысандарын аралап көрді.

Ахметжан Есімов қала әкімдігі аппаратының басшысы мен аудан әкімдеріне селолық мекемелерде қызмет жасағандарды жұмысқа орналастыру жөнінде тапсырма берді. «Селолық округтерде жұмыс істегендердің барлығы өз аумақтарында мол тәжірибе жинады. Жұмысты жаңа тұрғыда жұмыс істей алатын жергілікті кадрларға ұсыну қажет», - деді А.Есімов. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың бюджетін нақтылаған кезде қалаға қосылған аумақтардағы әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдарды жетілдіру үшін Алматы 3,3 млрд. теңге бөлген болатын. Қазіргі кезде қалалық құрылымдар инвентаризация жүргізуді жалғастыруда. Ең өзекті әлеуметтік мәселелер - коммуникация, жол, әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша нақтылы міндеттер анықталуда. Жөндеу жұмыстарының барлығы қаланы дамытудың Бас жоспары аясында жүзеге асатын болады.

Соңғы жаңалықтар