Алматы әкімі қаладан шығар жолдардың неге жөнделмей жатқанын түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов пен ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешовтің кездесуі барысында жол құрылысы мәселелері де сөз болды.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов қаладан облысқа шығар жолдармен жүрудің қиындығы шенеуніктердің әрекетсіздігінде деп айтып кетті.

Оның ойынша, осы тұрғыда Алматы облысы әкімдігі мен ҚР Көлік және коммуникация министрлігі арасында меморандумға қол қойылған. Алайда, облыс шенеуніктері құжатта көрсетілген талаптарды орындауға салғырттық танытып келеді. Жол құрылысын жаңғырту қағаз жүзінде қалды.

Әкімнің айтуынша, Алматы қаласы меморандумда көрсетілген міндеттердің барлығын толығымен орындады. Атап айтқанда, негізгі көлік магистральдарын қаланың сыртқы шекарасымен түйістіріп, жолайрықтарын салды.

«Алматыға кірер жолдардың көлікті өткізу қабілетін арттыру мақсатында 2012 жылы Алматы әкімдігі мен ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Алматы - Бішкек, Қаскелең - Шамалған, Алматы - Қапшағай, Алматы - Қорғас, Алматы - Талғар бағытындағы тас жолды күрделі жөндеуден өткізу туралы меморандумға қол қойған болатын. Біз айтқан уәдемізде тұрдық», - деді А.Есімов.

Өз кезегінде Әсет Исекешов аталған мәселе министрліктің жіті бақылауында болатындығын ескертті.

Соңғы жаңалықтар