Алматы әкімі Иран провинциясының губернаторымен кездесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Иран Ислам Республикасының Хорасан-Резави провинциясының губернаторы Алиреза Рашидианмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесу барысында екі жақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Əкім Иранның Таяу Шығыс елдерінің арасында Қазақстанның екінші сауда әріптесі екенін атап өтті.

Биылғы жылдың 8 айында Алматы мен Иран арасындағы тауар айналымы 17,7 млн АҚШ долларына жетті. Қалада Ирандық капиталдың қатысуымен 107 кәсіпорын бар.

А. Рашидианның айтуынша қос тарап құрылыс, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық химия өндірісі, туризм және басқа салаларда ынтымақтастық құрып келеді.

Иран делегациясының кездесуі барысында Алатау ауданындағы Өнеркәсіптік аймақтың әлеуеті туралы айтылды.

Соңғы жаңалықтар