Алматы әкімі энергетика жүйесінің стратегиялық объектілерін тексеруді тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың энергетика жүйесінің барлық стратегиялық объектілерін тексеруге пәрмен берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Бүгін Алматының энергетикалық қауіпсіздігі мәселесі бойынша Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Энергоның», Энергияны мембақылау мен қала қызметтері өкілдерінің қатысуымен кеңес өткіздім. «Ерменсай» қосалқы станса аумағындағы АЖК желісінде апат болғандықтан құрылғылар істен шыққан«,- деп жазды әкім.

Қала басшысы жұмысшы тобына 10 күн ішінде тексерудің нақтылы қорытындысын ұсынуды тапсырды. »Сонымен қатар, жылу маусымына дейін қаланың энергетика жүйесінің барлық стратегиялық объектілеріне тексеру жүргізуді міндеттедім«,- деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар