Алматы әкімі экономика құрылымының өзгерісіне бейімделуді ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қалалық мәслихат сессиясының отырысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек экономика құрылымын жүйелі өзгертуге басты бағыт беру керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшылардың талдауларына сәйкес, IT-технология мен электронды коммерция сауда мен қаржы секторын ығыстырып барады. Бұл - Алматы экономикасының 42%-ы болып отыр.

Қала басшысы осы өзгерістерді ескере отырып, басымдықты интеллектуалды сектор мен туризмге беруге шақырды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Алматы БАС ЖОСПАР» даму институты құрылды. Бұл институт Шеберлік жоспарын орындаумен айналысатын болады.

«Қала бұдан былай жабайы форматта дамуды тоқтатады. Болашақта бой көтеретін құрылыстардың барлығы полиорталық қағидатымен салынады. Адамдар қажетті орындарына 20 минуттық қашықтан қатынай алады. Адамдарға емхана, ХҚО, оқу және жұмыс орындары жақын орналасатын болады.  Қала басқармаларында цифрлы технология кеңінен қолданылады. Қазірдің өзінде Оқиға орталықтың тұғырнамасы жасалды. Оған 20 қалалық жүйе қосылады. Сонымен бірге big data құрылды. Аталған жүйе арқылы көлік және жаяу жүргінші ағынына, қоғамдық көліктің, балабақшалар мен мектептердің, қала бюджетінің жүктемесіне, қаланы дамытудың 1200-ден астам индикаторына мониторинг жүргізіледі», - деді қала басшысы.

Оның айтуынша, 2019 жылдың бекітілген бюджетінде де әлеуметтік бағыт  сақталады.

Әлеуметтік салаға бюджеттің 40%-ы жұмсалады. Мысалы, тағы 8 мектептің сейсмикалық қуаты күшейтіледі, үш жаңа мектеп салынады. 38 жедел жәрдем  каретасы, 800 медициналық қондырғы сатып алынады. Әлеуметтік жағдайы төмен жандарға көмек ретінде 6 млрд. теңге бөлінеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп. Зейнеткерлерді белсенді өмірге тарту 2 есе артады. «Спорттық Алматы, «Спорт менің ауламда» бағдарламалары одан әрі жалғасып, оған 400 мың тұрғын жұмылдырылатын болады.

Өз кезегінде қоғамдық көлік пен инфрақұрылымды дамыту қала әлеуетінің басты бағыттарына айналады. Қала басшысы сапалы қызмет көрсетіп, көліктерін жаңалаған тасымалдаушылар ғана субсидия алатынын айтты.

Жалпы қалада 3 жыл ішінде 1100-ден астам жаңа автобус сатып алынды. Метроның екі бекетінің құрылысы жүріп жатыр. Оған сегіз жаңа состав сатылып алынады. Бұл қозғалыс интервалын төмендетіп, күн сайынғы жолаушы ағынын 86 мың адамға дейін жеткізеді.

2019 жылы бес ықшам ауданда 22,6 шақырым жол салынып, 170 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді.  Кіші көлік айналымы аясында үш жолайрығының құрылысы жалғасады.

Қала кеңістігінің қолайлығын қамтамасыз ету барысында екі жыл ішінде тарихи орталықтың 60%-ы жаңарды. 2019 жылы «Қала адамдар үшін» принципі бойынша жаяу жүргінші аймақтарын абаттандыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Жібек Жолы, Байсейітова, Төле би көшелері бар. 7 ауданның әрқайсысында кеңейтілген тротуарлары бар бір көшеден жөнделетін болады, оларға заманауи көше жиһаздары қойылады, бес парк пен скверге күрделі, тоғыз парк пен скверге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Келер жылы аулаларда ауқымды жөндеу жұмыстары қолға алынады. Қазіргі кезде әрбір үшінші аула жаңарған, олардың көпшілігі қаланың шет аудандарында орналасқан. Егер биыл 575 аула абаттандырылса, 2019 жылы тағы 600 аула жаңарады.

Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында көше жарықтары толық модернизацияланады. Қазірдің өзінде жарық көздерінің 30%-ы диодты шамдарға ауыстырылған. Жаңа көшелер ғана емес, тротуарлар да жарық болуда. 2019 жылдан бастап декоративті гүлді және вертикалды көгалдандыру жобасы  іске асып, 12 мыңнан астам ағаш пен бұтақ отырғызылады.

Сел қаупінің алдын алу үшін мұз көлдердің ахуалын алдын ала біліп отыруға мүмкін беретін мониторинг станциясының цифрлы жүйесінің алғашқы кезегін енгізу басталады.

Соңғы жаңалықтар