Алматы әкімі бюджеттен қысқарып қалған 35 млрд теңгенің орнын қалай толықтыру керектігін айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бюджет шығындарын оңтайландыру барлық аймақтарға да ықпал етті. Алматының бюджеті 35 млрд долларға қысқарды. Бүгін есептік кездесуі барысында қала әкімі оны қалай толтыру керектігін айтты.

Қала әкімі индустриалдық-инновациялық аймақтың дамуы мен инновациялық парктегі кәсіпорындардың санын арттыру қажеттілігімен қоса қаржы мен нысанды заңдастыру акциясынан да табыс табу керектігін айтты.

«Бүгінде Алматыда жалпы құны 24 млрд болатын 1 945 нысан заңдастырылды. Заңдастырылған қаржының көлемі 10 млрд теңге. Біз жекешелендірілген нысандардың ашық тізімін жасадық. Олардан түскен салықтан биыл 6 млрд теңге көлемінде табыс табуды көздеп отырмыз. Қала бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру керек. Бюджет шығындарын оңтайландыру барлық аймақтарды, соның ішінде Алматыға да салқынын тигізді. Енді біз 35 млрд теңге болатын бюджеттің орнын қалай толтырамыз, соны ойлауымыз керек», - деді А.Есімов.

Ол бюджет бүйірін томпайту үшін қалаға елеулі табыс әкелетін муниципалды облигациялар шығарылымын да жалғастыру керектігін айтты. Муниципалды облигациялар шығарылымы қалаға 2010 жылы 13 млрд теңге көлемінде пайда әкелгенін айта кету керек.

Соңғы жаңалықтар