Алматы әкімі бүлік кезінде көз жұмған бүлдіршіннің отбасына барды
2022 жылғы 14 қаңтар 15:47

Алматы әкімі бүлік кезінде көз жұмған бүлдіршіннің отбасына барды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы бүлік кезінде 4 жасар қыз баласы қайтыс болған көпбалалы отбасыға барып, көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жаппай тәртіпсіздік белең алған тұста 4 жасар Айкөркем Мелдехан қайтыс болып, оның оның 15 жасар әпкесі Жанель жарақат алған.
Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қайғыдан қара жамылып отырған көпбалалы отбасыға барды.
Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы және анасы Динара Адамоваға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты.
Қайтыс болған қыздың әпкесі Жанель қазір жарақатпен реанимацияда жатыр.
Бақытжан Сағынтаев Жанельдің сауығып кетуін, ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тіледі.
Отбасыға материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, оларға 3 бөлмелі пәтер берілетін болды.

Айта кетейік, қыздың өліміне байланысты Қазақстан Республикасының Балалар құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин барлық ата-аналарға, алматылықтарға барынша сақ болу керектігін ескерткен болатын
Сондай-ақ, ол 5 қаңтар күні Алматыда оқ жарақатынан 11 жасар бала қаза тапқанын және 7 қаңтарда Алматыдағы балалар ауруханаларының біріне ауыр оқ жарақатымен 15 жастағы жасөспірім жеткізілгенін айтқан болатын.

Jańalyqtar

MURAǴAT