Алматы әкімі Беларусь елшісін қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ахметжан Есімов Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасовты қабылдады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Кездесу барысында қала басшысы Алматы қаласының Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы экономикалық ықпалдастықты дамытуда үлкен рөл ойнап отырғандығы атап өтті. Қазіргі таңда Алматыда 53 ортақ кәсіпорын, беларусь капиталының қатысуымен 53 кәсіпорын тіркелген.

«Өткен жылы Алматы мен Беларусь Республикасы арасында тауар айналымы 240 млн. АҚШ долларын құрады. Біз еліміздің сауда-экономикалық орталығы ретінде сіздің еліңізбен байланысты нығайта түспекпіз», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде Анатолий Ничкасов Беларусь мемлекетінің Қазақстанмен арадағы экономикалық қатынасты дамыта түсуге ынталы екендігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар