Алматы әкімі Баландин мен Шәкімоваға пәтер және көлік кілтін табыс етті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматы әкімдігінде қала басшысы Бауыржан Байбек суға жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин мен бокстан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімованы қабылдап, оларға сый-сыяпат көрсетті.

«Құрметті спортшылар, сіздер ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына сәйкес келген Рио Олимпиадасында ел намысын қорғап, көк Туды көкке көтердіңіздер. Бұл үшін сіздерге айтар алғысым шексіз және шын жүректен құттықтаймын! Алматылықтар және барша қазақстандық жәнкүйерлер теледидарға телміріп, сіздерге қолдау көрсетіп отырды. Әуежайда зор қуанышпен қарсы алды. Біз сіздерді құрмет тұтамыз әрі мақтан тұтамыз!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та Астанада сіздерді қабылдап, мемлекеттік наградалармен марапаттады. Енді міне, өңір басшылары да өз өңірлерінен шыққан спортшыларды құттықтап, сый-сыйапат көрсетіп жатыр. Сіздерді тәрбиелеген ата-аналарыңызға, сіздерді дайындаған жаттықтырушыларыңызға үлкен рахмет! Алдағы жаңа биіктерге жете берулеріңізге тілектеспін!», - деді Б. Байбек.
Осыдан кейін әкім Дмитрий Баландинге Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйден үш бөлмелі пәтердің кілтін, ал Дариға Шәкімовға Медеу ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйден бір бөлмелі пәтердің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті. Бұдан соң жиналған қауым сыртқа - әкімдіктің алдына беттеді.
Бұл жерде Бауыржан Байбек Дмирий Баландинге «Bank RBK» АҚ атынан «Тойота Ланд Крузер-200» автокөлігінің, ал Дариға Шәкімовға кәсіпкер Рүстем Ақтаевтың атынан «Тойота Ланд Крузер Прадо-150» автокөлігінің кілтін табыстады.
Екі спортшы да көлікке отырып, оталдырып көрді.
Олар қала әкімі Бауыржан Байбекке және жанкүйерлерге қолдау көрсеткендеріне және бүгінгі көрсетіліп жатқан сый-сыйапат үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.
Бүгінгі шараға спортшылардың туған-туыстары, бапкерлері және командалас әріптестері және БАҚ өкілдері қатысы.

null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар