Алматы әкімі Б. Байбек Бостандық ауданын абаттандыруға байланысты бірқатар тапсырмалар берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Бостандық ауданын аралады.

Бауыржан Байбек ең алдымен үлескерлердің басты проблемасына айналған «Тау Көктем» тұрғын кешенінде болды. Нысанның құрылысы 2011 жылы тоқтап қалған болатын. Соның кесірінен 60 үлескер пəтеріне кіре алмай жүр.

Қала əкімі құрылыс компаниясына тез арада жұмысты аяқтауға тапсырма берді. Олар нысанның 2016 жылдың шілдесінде пайдалануға берілетініне уəде берді.

Тексеру комиссиясының мүшелері құрылыс дер уақытында аяқталмаса жер тартып алынатынын ескертті.

«Мемлекеттің саясаты бар, ҚР Президентінің тиісті тапсырмалары бар. Бұл мәселені шешіңдер және 25 қазанға дейін маған нысан туралы нақтылы ұсыныс айтыңдар, балама вариантты да қарастырыңдар», - деп атап өтті Б.Байбек.

Қала басшысы Звездная көшесінің шығысындағы «Алатау» ықшам ауданын абаттандыруды қолға алу керектігін жеткізді.

Аталған аймақта өрт сөндіру бөлімі, АІІБ пункті, базар мен «Этно-ауыл» саябағы, киізден бұйым жасайтын шеберханалар, күмістен жасалған бұйымдардың көрмесі және басқа ұлттық нышанды насихаттайтын жаңа орындар құру туралы ұсыныс айтылды.

«Бұл жерде қандай нысандарды салуға болатындығы жөнінде жоба жасап, мәселені шешу қажет. Шеберханалар ашып, адамдарға ақша табуға мүмкіндік беру керек, біздің этникалық мәдениетімізді насихаттаған жөн. Алдымызда Универсиада күтіп тұр, сондықтан бұл жер адамдар жиі келетін орынға айналуы тиіс», - деп атап өтті Б.Байбек.

Шаһар басшысы Ақсай өзенінде селге қарсы қондырғы орнатуды тапсырды. Бұл өзеннің арнасында күрделі жөндеу жұмыстары сонау 1973 жылдан бері жүргізілмеген.

«Көшпелі бюджетті жасап, оны биыл енгізу қажет. Сонымен қатар селден қорғайтын қондырғылар жобасын да жасау керек, бұл мәселені депутаттардың қарауына ұсынған жөн», - деп атап өтті Б.Байбек.

Сондай-ақ, əкім «Атакент» көрме кешенін күрделі жөндеуден өткізуді ұсынды. Көрме кешені аумағында спорт алаңдары, медициналық орталық,Тимирязев көшесі бойында жер асты гараждары пайда болады.

Соңғы жаңалықтар